Доллар 500 теңгеден төмен түсті
4 желтоқсандағы доллар бағамы
12:00-дегі жағдайға қарағанда, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 505–506 теңгеден сатылып, 498–499 теңгеден сатып алынуда. Алматыда баға сәл төмендеу: сату — 502–503 теңге, сатып алу — шамамен 499,99 теңге.
Айта кетейік, 3 желтоқсанда KASE күндізгі саудасының нәтижесінде доллардың орташа бағамы 503,89 теңгені құрады. Бұл — алдыңғы көрсеткіштен 4,07 теңгеге төмен. Осылайша, доллар бағамы нарықта маңызды саналып жүрген 500 теңгелік "психологиялық межеге" жақындап қалды.