АҚШ доллары 500 теңгеге дейін жетуі мүмкін
Бүгінгі таңда теңге нығайуын жалғастырып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Қазіргі таңда KASE қор биржасындағы валюта бағамы 1 АҚШ доллары 507 теңге. JP Morgan аналитиктерінің пікірінше, доллардың 1 АҚШ долларына 500 теңгеге жетуі уақыттың ғана мәселесі. Ал Freedom Broker компаниясы доллардың қайтадан шамадан тыс сатылып жатқанын айтып, тәуекелдерге ескертуде.
«Теңгенің нығаюының негізгі триггерлері – Ұлттық банктің валютаны көп көлемде сатуы және жоғары базалық мөлшерлеме аясында мемлекеттік облигацияларға қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлардың белсенділігі. Теңгенің нығаюына кедергі келтіретін факторларға Ұлттық банктің кері интервенциясы немесе доллар сатылымын саналы түрде азайту, сондай-ақ мұнай экспортына қатысты күтпеген жағдайлар, мысалы, Новороссийск портында жүк тиеу апаттары жатады», — дейді сарапшылар.
Сонымен қатар, Halyk Finance сарапшылары сыртқы және ішкі жағымсыз соққылар шетелдік портфельдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздардан тез шығуына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Бұл валюталық сұраныстың күрт өсуіне және теңгенің әлсіреуіне себеп болуы мүмкін.