Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі — Бірігу күнімен құттықтап, румын халқына құт-береке тіледі.

— Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Президент Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының табысты өтуімен құттықтағанын жазған едік.