Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады
- авторОймақ
- Бүгін, 15:54
- 15
Президент Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі — Бірігу күнімен құттықтап, румын халқына құт-береке тіледі.
— Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Президент Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының табысты өтуімен құттықтағанын жазған едік.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





