Экономика

Қазақстанда пәтер қымбаттады: ең жоғары өсім Астанада

Қазақстанның тұрғын үй нарығында баға қайтадан өсе бастады.

Сараптамалық деректерге сәйкес, қараша айында қайталама нарықтағы бағалар бірнеше өңірде айтарлықтай көтерілген, деп мәлімдеді, Крыша.кз порталы.

Ең жоғары өсім тіркелген қалалар:

Астана — +5,8%

Алматы — +2,4%

Ақтөбе — +2,3%

Алматыда қараша айының бір аптасында орташа баға тарихи рекорд жаңартып, 803 380 теңге/шаршы метрге жетті.

Тағы 12 қалада баға 2%-ға дейінгі деңгейде баяу өскен. Ал үш өңірде керісінше төмендеу байқалды: ең үлкен құлдырау Ақтауда –3,2%.

Ең қымбат қалалар:

Алматы — 786 мың тг/ш.м

Астана — 572 мың тг/ш.м шамасында

Шымкент — 470 мың тг/ш.м

Ең қолжетімді қалалар:

Қызылорда

Тараз

Ақтөбе

Бұл өңірлерде орташа баға 262–317 мың теңге/ш.м аралығында.