Қоғам

«Қордай» бекетінде заңсыз әкелінген үйрек еті мен уылдырық анықталды

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды.
Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды.
Бұл өнім де кері қайтарылып, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ‎