дүйсенбі, 1 желтоқсан, 2025 16:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен қыз қайтыс болды

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен қыз қайтыс болды
Фото: freepik
Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп мәлімдеді Қазақпарат.

– 2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы қыз көз жұмды. Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешенінің жүргізілуіне қарамастан, орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген ресми хабарламада. 

Айта кетсек, өрттен қаза тапқан 13-ші адамның денесі жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізілді, бүгін сағат 12:00-де жаназасы оқылып, жер қойнына тапсырылды. 

Бұдан бұрын Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болғанын жазған едік.

21 қараша күні 7 жасар жеткіншек Жетісайдан тікұшақпен Шымкентке жеткізілді.

Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен баланың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз. 

 https://kaz.inform.kz/news/turkstan-oblisindagi-ortten-zardap-shekken-7-zhasar-kiz-koz-zhumdi-26895f/

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар