"3 мың теңгеге зарламай, Мөлдірдің киносына барыңдар": белгілі психолог киноны сынап жатқандарға жауап берді
Ол бұл туралы трэдс парақшасында жазды.
Белгілі психолог Құралай Серікқызы Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол Мөлдірдің жақында шыққан фильмін сынап жатқандарға жауап қайтарды.
«Мөлдірдің киносынан шықтым. Сынап жатқандарға айтарым: Индияның басы қылтылдаған Анандиін, дыш-дыш етіп ұрғанда өтірік өліп жататын кадрлар көргенде неге өстіп сынамағансыңдар?! Қай Қазақ болмасын тыпырлап шамасы жеткенше еңбектеніп жатқанын көру маған мақтаныш. Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3 000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді!», - деп жазды ол.