Экономика

"Салық комитетінен хат жеткіземіз": алаяқтар жаңа схема құрды

Кейін SMS арқылы келген кодты сұрайды.

Қазақстанда салық органдарынан хабарламалар жеткізетінін айтып, азаматтарды алдайтын жаңа алаяқтық тәсіл кең тарала бастады. Алаяқтар өздерін Мемлекеттік кірістер комитетінің курьеріміз деп таныстырып, “мемлекет есебінен тегін хат жеткіземіз” деп сендіреді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Алаяқтар алдымен WhatsApp арқылы хабарласып, адамның аты-жөнін, ЖСН-ін, мекенжайын айтып, “деректерді нақтылау” сылтауымен сенімге кіреді. Кейін SMS арқылы келген кодты сұрайды. Оны “хат алу кезегінің нөмірі” деп түсіндіреді.

Азамат кодты берген сәтте қылмыскерлер оның қаржылық деректеріне жол ашады. Егер жоспар жүзеге аспаса, алаяқтар қысым жасап, “жүктеме қоймасында сақталады, ақылы қызметке айналады” деп қорқытады.

Маман­дардың айтуынша, салық органдары ешқашан курьер арқылы хат жібермейді. Комитет мемлекеттік қызметтерді мұндай жолмен көрсетпейді.

Сарапшылар азаматтарға бейтаныс нөмірлерге дерек бермеуді, SMS-кодтарды ешкімге жолдамауды ескертеді. Хабарлама ресми қызмет нөмірі 1414-тен келсе де, кодты үшінші тарапқа беруге болмайды.