Мемлекет басшысы қаза тапқан фельдшерді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Айта кеткен жөн, оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметінің фельдшері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанда, өзі де құлаған кірпіш астында қалып қойған.