Жетісайда қазақ тапқан баланың үлкені – 16-да, кішісі - 1 жаста
Өрт кезінде үйде екі отбасы бірге болған.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жекеменшік үйдегі өрттен қаза тапқан 9 балаға қатысты ақпарат жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, олардың тоғызы – балалар. Үшеуі аман қалған: екі ересек және бір бала.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқан балалар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған. Ең кішісі – 2024 жылы дүниеге келген.
Қайтыс болған балалардың бесеуі бір отбасынан – үш қыз және екі ұл. Ал екінші отбасынан 2018 жылы туған қыз аман қалған.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, 12 адам, соның ішінде 9 бала тірідей жанып кетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
Президент тапсырмасы бойынша өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Өрт кезінде үйде екі отбасы бірге болған.