Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл туралы "Қазгидромет" болжамын жариялады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2025 жылғы 18 қарашада Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.