Қоғам

Мәжіліс ЛГБТ идеологиясын насихаттайтын контентке шектеу қоятын заңды қабылдады

Бұл заң жобасына балаларды зиянды ақпараттан қорғауға бағытталған жаңа норма қосты.

Мәжіліс депутаттары ЛГБТ идеологиясын насихаттайтын контентке шектеу енгізуді қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Талқылау кезінде халық қалаулылары «Мұрағат ісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына балаларды зиянды ақпараттан қорғауға бағытталған жаңа норма қосты.