Қоғам

Ақтөбедегі апат: жасөспірім бала әлі есін білмейді

Үшеуінің ауыр жағдайда аман қалғаны айтылған еді.

Самара – Шымкент тасжолында болған жол апатында зардап шеккен ересектер мен балалар емделіп, үйлеріне шықты. Алайда жасөспірім ұл бала әлі есін білмейді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған барлық ересек науқастар үйлеріне шығарылды. Олардың бірі, операциядан кейін жағдайы жақсарған науқас, кеше ауруханадан шыққан. Алайда облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірім әлі есін жиған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында екі автокөлік соқтығысып, 12 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылы маңында болған. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» трассада соқтығысқан. Үшеуінің ауыр жағдайда аман қалғаны айтылған еді.