Әлеумет

Кикілжің салдарынан 9 сыныптың оқушысы қаза тапқан

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістанда 15 жастағы оқушы өлгенше соққыға жығылған. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды ұстады және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды  облыстық Полиция департаменті. 

Полицияның мәліметінше, оқиға 3 қарашада Түркістандадағы мектептердің бірінде болған. Кикілжіңнің салдарынан 9 сынып оқушысы қаза тапқан. Қазір оқушының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Алайда марқұмның ағайын-туысы 15 жастағы жасөспірімді зиратқа алдап шақырған және бірнеше ай бойы ақша талап етіп, қорқытқан деседі.