"Менің облыс үшін жаным ауырады": Берік Уәли Семейдің инфрақұрылымдық жағдайы ауыр екенін айтты
Әкім облыстағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелердің көп екенін жасырған жоқ.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей өңірінің инфрақұрылымдық жағдайының ауыр екенін айтып, қала мен ауылдарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Семей қаласында биыл 52 көше асфальтталғанын, оның 36-сы бұрын-соңды жол төселмеген бағыттар екенін атап өтті.
Әкім облыстағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелердің көп екенін жасырған жоқ.
Сондай-ақ Берік Уәли өңірдің даму басымдықтары ретінде жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік саланы көтеру және жаңа жұмыс орындарын ашуды атап өтті.