Руханият

"Үркер" сыйлығының иегерлері белгілі болды

Кеше "Үркер" ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

Астанада баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік мамандарды анықтайтын «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Биыл байқауға 400-ден астам өтініш келіп түсті. Соның ішінде 44 үміткер шорт-листке енді. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталды, олардың қатарында «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік репортаж», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік журналистік зерттеуі», «Үздік жаңалықтар порталы», «Жылдың үздік YouTube-арнасы» сынды аталымдар бар.

Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

 Биылғы «Үркер – 2025» жеңімпаздарының тізімі:

Жылдың үздік сұхбаты: Бауыржан Карипов – Qaz365.kz

Жылдың үздік репортажы: Иван Сухоруков – Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Тамара Вааль – Vlast.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Майра Ерғали – «Атырау» газеті

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті

Радиодағы үздік жоба: «Нысана» – «Шалқар» радиосы

Жылдың үздік фотосуреті: Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Adyrna.kz

Үздік өңірлік БАҚ: «Астана ақшамы» газеті

Жылдың үздік подкасты: Qstar Group

Жылдың үздік YouTube-арнасы: Эксперты KZ

Сонымен қатар арнайы марапаттар табысталды:

«Казахстанская правда» – 105 жылдығына орай,

Kazinform – 105 жылдық мерейтойына байланысты,

Zakon.kz – «Жұмысшы мамандықтары жылы» аталымында марапатталды.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылған. 133 журналист ұлттық марапатқа лайық деп танылған.