сенбі, 8 қараша, 2025 16:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам көз жұмды

Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Шідерті – Астана тасжолында болған.

Павлодар облысында ішінде шамамен 50 жолаушысы бар автобус аударылып, бір адам көз жұмды, алтауы түрлі дене жарақатын алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Шідерті – Астана тасжолында болған. Қайғылы оқиға жөнінде облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы келесідей мәлімет таратты:

"Шідерті – Астана тасжолында жолаушылар автобусы аударылғаны туралы хабар жедел жәрдем қызметіне түсті. Автобуста шамамен 50 адам болған. Зардап шеккендер бар. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы мен Төтенше медицина орталығының тобы жіберілді",- дейді облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам апат орнында көз жұмды, ал алты жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалар мен куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін жолда бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған. Ауа райының қолайсыздығы – боран, қатты жел және жолдың нашар көрінуі жағдайды қиындатып отыр.

Сол себепті, 7 қараша күні сағат 20:00-ден бастап Павлодар облысының барлық бағытында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу амалы жүріп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар