"Пәтерін заңсыз түнде тартып алған": Индира Елемес Президентке бейнеүндеу жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 12:07
- 30
Танымал әнші Индира Елемес әлеуметтік желіде Президентке, депутаттарға және қоғам белсенділеріне бейнеүндеу жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өз қаражатына сатып алған үш пәтерін заңсыз түрде тартып алып, көлігіне дейін сатып жіберген.
– 2018 жылдан бері балаларымен бірге Алматыдағы «Эль-де-Франско» тұрғын үй кешенінде тұрып келдік. Алайда бұл үйдің құрылыс компаниясы RAMS өкілдері пәтерді өз аттарына қайта рәсімдеп, бар болғаны 25 млн теңгеге сатып алған. Ал пәтердің нақты бағасы 125 млн теңге, – дейді ол.
Бұл мәміле оның бұрынғы күйеуі, қазір тергеу изоляторында отырған Иманмади Қалелханның атынан жасалған.
«Қалайша түрмеде отырған адам еркін келісімшартқа қол қойып, мені пәтерден шығарып тастауға қатыса алады? Менің атыма тіркелген көлігімді де үш есе арзан бағамен сатып жіберген», – дейді Индира Елемес бейнеүндеуде.
Сонымен қатар ол бұрынғы жұбайының түрмеден әлеуметтік желілерге кіріп, өзіне жала жауып, туыстарына қоқан-лоқы жасап отырғанын да айтты. Әншінің сөзінше, ол бұл жағдайға байланысты полицияға бірнеше рет шағымданғанымен, іс қозғалған жоқ.
«Әділдік іздеп полицияға бардым, бірақ олар істі жауып тастады. Қазір өз үйімнен балаларыммен бірге қуылдым. Президент мырза, менің және балаларымның құқығын қорғауыңызды сұраймын», – деді Индира Елемес.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






