«Бір ел – бір мүдде» тобының депутаттары Қазақстан халқының бірлігін нығайту мәселелерін талқылады
- авторОймақ
- 3 қараша, 2025
- 34
«
Депутаттық топтың жетекшісі сенатор Нұртөре Жүсіп өз сөзінде кездесу тақырыбы Қазақстан мемлекеттілігінің іргелі құндылықтары – еліміздегі барлық азаматтардың татулығы, келісімі мен бірлігін толық көрсететінін атап өтті. Тәуелсіздіктің негізін қалаған дәл осы қағидаттар отыз жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның үдемелі дамуының негізгі факторына айналды. Депутат Мемлекет басшысы қоғамды біріктіру және халық бірлігін нығайту мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен ұлттық бірлік пен азаматтық бірегейлікті нығайту бағыты дәйекті түрде жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысы халық бірлігі – еліміздің стратегиялық ресурсы, күші мен тұрақтылығының қайнар көзі екенін атап өтті. Жолдауда Президент қоғамды топтастыруға, әділеттілік және барлық азаматтарға тең мүмкіндік жасауға ерекше назар аударған болатын. Бұл тәсіл «Жаңа Қазақстан» философиясын паш етеді, онда әркім ортақ іске өзінің қатысы мен Отанымыздың болашағына жауапкершілікті терең сезінеді», - деді Нұртөре Жүсіп.
Депутаттық топтың басшысы сонымен қатар қазіргі заманғы әлеуметтік, экономикалық және геосаяси қауіп-қатер жағдайында халық бірлігінің маңызы ерекше екенін атап өтті. Қазақстан жаһандық өзгерістер мен сыртқы дүрбелеңдерге қарамастан, ел халқының ішкі түпқазығы – бірліктің арқасында тұрақтылық аралы болып қала береді.
«Біз бірліктің өздігінен пайда болмайтынын есте ұстауымыз керек. Оны диалог пен өзара түсіністік және әділеттілік арқылы нығайта түсу керек. Президент қойған мақсаттарды тек бірге ғана жүзеге асыра аламыз және әрбір адам өзін Қазақстанның біртұтас халқының бір бөлігі ретінде сезінетін әділетті, күшті және гүлденген мемлекетті өркендете аламыз. Бүгінгі отырыс еліміздің бүкіл қоғамдастықтар арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтатын жаңа бастамалар мен шешімдерге бастайтын нық қадам болсын», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





