сенбі, 1 қараша, 2025 16:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда күн суытады: 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз болады

Қазақстанда күн суытады: 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз болады
pixabay.com
Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.

«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

“4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде күшті қар, сондай-ақ екпінді жел, боран және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы да біртіндеп төмендейді. Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі: мұнда 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус аяз күтіледі”, – делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, суық Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді. 4 қарашада күтілетін жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашыннан кейін аймақта салқындау басталып, түнде ауа температурасы 0-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы шамасында болады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар