сенбі, 1 қараша, 2025 3:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенаторлар Маңғыстау облысында тарихи туризмді дамыту шараларын талқылады

Сенаторлар Маңғыстау облысында тарихи туризмді дамыту шараларын талқылады
Сенат
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша комитеттің көшпелі отырысын өткізді.

 

Шараға қатысушылар тарихи туризмді дамыту мәселесін, еліміздің туристік әлеуетін экономиканың басым бағыттарының біріне айналдыру жолдары мен кәсіпкерлерді саланы дамытуға тарту тетіктерін талқылады. Инфрақұрылымды жетілдіру және ішкі туризмді ілгерілету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп тарихи туризмді дамыту еліміздің мәдени және экономикалық саясатының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл туристерді тарту тәсілі ғана емес, сонымен қатар ұлттық жадыны сақтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстанның халықаралық бет-бейнесін нығайту құралы.

«Тарихи туризм – кез келген мемлекеттің мәдени және экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл туристік бизнес бағыттарының бірі ғана емес, ұлттық жадыны сақтаудың, патриотизмге тәрбиелеудің және елдің халықаралық келбетін нығайтудың қуатты құралы. Қазақстан ерекше мәдени және археологиялық мұраға ие бола отырып, тарихи туризмді дамытуға жүйелі және орнықты әдістермен еуразиялық кеңістіктегі тарихи туризмнің ірі орталығының біріне айналуы мүмкін», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілі өз кезегінде өңірдегі туристік саланың дамуы туралы айтып берді. Ол облыстың экологиялық және танымдық туризмді дамытуға қолайлы өзгеше табиғи және тарихи-мәдени ресурсқа ие екенін атап өтті. Аймақ шөлдер мен каньондардан Каспий теңізінің жағалауына дейін алуан түрлі ландшафтпен ерекшеленеді – бұл оны саяхатшылар үшін тартымды етеді. 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келді, ал жыл қорытындысы бойынша 519 мыңға дейін өседі деп күтілуде.

Депутаттар сапар барысында сонымен қатар тарихи және экологиялық туризмнің негізгі нысандары - Қараман ата қорымы, Ыбықты шатқалы, Шопан ата мен Бекет ата жерасты мешіттері, Бозжыра шатқалында болды және Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар