Спорт

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» бүгін Чемпиондар лигасындағы екінші ойынын өткізеді

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді.

Алдымен жергілікті уақыт бойынша 20:30-да «Семей» франциялық «Этуаль» командасымен кездеседі. 

Қазақстандық клуб үшінші топта бұған дейін 29 қазан күні «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген болатын. Олар үшінші ойынын 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубына қарсы өткізеді. 

Барлық ойын Испаниядағы «Пальма» клубының алаңында болады.

Ал, «Қайрат» командасы 30 қазанда 20:50-де Португалияның «Спортинг» клубымен кім мықтыны анықтайды. 

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Алматылық клуб бұдан бұрын Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген.  Топтағы үшінші кездесуін 1 қарашада «Приштина» клубына қарсы өткізеді. 

29 қазан мен 1 қараша аралығында жоспарланған кездесулер Хорватиядағы Макарска қаласында өтеді.  

Үздік төрттіктің финалы 2026 жылдың мамыр айында Италияның Пезаро қаласында болады.