Астанада Ержан Бабақұмаров қаза болды
Бүгін түнде Астанада Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Ол 1990-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарған. Полицияның мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылған.
Алдын ала деректерге сәйкес, бұрыннан таныс екі ер адам арасында сөз таласы туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімет берді полиция.
Туған жылы: 1969 жыл 2 наурыз
Туған жері: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Білімі: 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша;
1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.
1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.
1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
2006 жылдың ақпан айынан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
2008-2019 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ басшысы.
2022 жылы 2 қыркүйекте ОКҚ басшысы қызметінен босатылды.