Милад Карими 6 орынға тұрақтады
Ертең ол кермедегі жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін жаттығуларда өнер көрсетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында 13.600 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс жеңімпазы Джейк Джарман (Ұлыбритания) болды – 14.866 ұпай. Күміс жүлдені тағы бір Ұлыбритания өкілі Люк Уайтхаус жеңіп алды – 14.666 ұпай. Қола медальді Карлос Юло (Филиппин) иеленді – 14.533 ұпай.
Айта кетейік, 2023 жылы Бельгияда өткен әлем чемпионатында Карими осы бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.
Ертең ол кермедегі жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.