сенбі, 25 қазан, 2025 4:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Велоспорттан алтын медаль жеңіп алды

Велоспорттан алтын медаль жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Бұл – Азиададағы алғашқы алтын.

Қазақстан құрамасы тасжолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.

Иран құрамасы күміс алса, ал Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

ЖАҢАРТЫЛҒАН НӘТИЖЕ. Қайта қаралған хаттамаға сәйкес, Иран командасы жарысты аяқтамаған деп тіркелді. Осылайша, Тайбэй екінші орынға көтерілсе, үшінші орын Қытай құрамасына бұйырды.

 Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтыны қоржынға түсті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар