Спорт

«Қайрат» пен «Пафос» тең түсті

Чемпиондар лигасының 3-турында Кипр елінің чемпионымен кездесті.

«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матч тең есеппен аяқталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Алматылық команда Чемпиондар лигасының 3-турында Кипр елінің чемпионымен кездесті.

«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матч есебі – 0:0. 90 минутқа созылған матчта қос команда есеп ашпай, тең нәтиже тіркеді. Матчтың алтыншы минутында «Пафос» ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған еді.

Осылайша «сары-қаралар» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы бір ұпайын алды.