дүйсенбі, 20 қазан, 2025 14:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сиыр етін экспорттауға шектеулер қойылды

Сиыр етін экспорттауға шектеулер қойылды
Pixabay.com
Мұндай шектеулердің басты мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі «Республиканың аумағынан ірі қара мал етін (сиыр етін) шығарудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстаннан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сиыр етін экспорттауға сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі.

Бұл шешім 2025 жылғы 29 тамызда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде дайындалған.

Министрліктің түсіндіруінше, мұндай шектеулердің басты мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту және ішкі нарықтағы сиыр еті бағасының тұрақтылығын сақтау.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар