дүйсенбі, 20 қазан, 2025 0:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" клубының футболшылары енді сыйлық ала алмайды

"Қайрат" клубының футболшылары енді сыйлық ала алмайды
Клуб ойыншыларына тек ресми келісіммен ғана табысталуға тиіс.

"Қайрат" футбол клубында қақпашылар Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйланғаннан кейін ұжым ішінде жаңа ереже қабылданды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қ. Боранбаевтың айтуынша, енді клуб ойыншыларына кез келген сыйлық тек ресми келісіммен және клубтың рұқсатымен ғана табысталуға тиіс.

"Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, мұндай жағдайлар клубтың бақылауында болуы керек. Сол себепті енді кез келген сыйлық немесе марапат тек клубтың рұқсатымен жүзеге асады деген шешім қабылданды", – деді Қайрат Боранбаев7

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер "Қайрат" клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған болатын. Бұл жағдай көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар