
Астанада республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысында бас жүлдені иеленіп, «Алтын домбыраның» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды.
Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар финалда ерекше шеберлік танытқан ақындарға арнайы жүлделер берілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.