Әлем

Зеленский Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барды

Зеленский Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барды

 Владимир Зеленский Вашингтонға барды. Ол алдымен АҚШ-тың қорғаныс және энергетика компанияларының өкілдерімен, одан кейін президент Дональд Трамппен кездеседі, деп жазды DW.

Украина президенті Владимир Зеленский бейсенбі күні кешке АҚШ-қа барды. Оның ұшағы Вашингтон маңындағы Эндрюс әуе күштерінің базасына қонды.

Зеленский Telegram-да жақын сағаттарда американдық қорғаныс компанияларының өкілдерімен кездесіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің қосымша жеткізілімдерін талқылауға ниетті екенін жазды. Бұдан кейін Украина президентінің америкалық энергетикалық компаниялардың өкілдерімен де кездесуі жоспарланған.

— Қазір Ресей біздің энергетикалық секторымызға қарсы террорға сүйеніп, күнделікті шабуылдар жасап жатқанда, біз Украинаның тұрақтылығы үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді Зеленский.

Сондай-ақ бүгін Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

— Таяу Шығыстағы қақтығысты ауыздықтау ісі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуға көмектеседі деп үміттенеміз», — деп жазды Украина президенті. 

Сонымен қатар ол «Мәскеу Томагавк зымыраны туралы естіген бойда диалогты қайта бастауға асығады» деп атап өтті.