Әлеумет

Астанада жасөспірімдер төбелесі видеоға түсіп қалды

Оқиға ойын-сауық орнының жанында болған.

Астанада жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада елордадағы ойын-сауық орнының жанында болған жасөспірімдер арасындағы жанжал сәті бейнеленген.

«Бұл жерде үнемі төбелес, түсініспеушілік болады. Жасөспірімдер жиі жиналады», - делінген жазбада.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.

Департаменттің мәліметінше, қазір төбелеске қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде.