Президент Олжас Бектенов экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
– Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды, – деді Руслан Желдібай.