сәрсенбі, 15 қазан, 2025 16:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әнші Төреғали Төрәлі "Кәусар" қайырымдылық қорын ашты

Әнші Төреғали Төрәлі "Кәусар" қайырымдылық қорын ашты
жеке парақшасынан
Концерттің сатылған билеттерінің 10 пайызы қордың есепшотына аударылмақ.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынмен бірге «Кәусар» қайырымдылық қорын ашты. Бұл туралы өнер иесі 33 жасын атап өткен кешінде мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Айтуларынша, концерттің сатылған билеттерінің 10 пайызы қордың есепшотына аударылмақ.

«Мен Толқын Тұрарбекқызы – алты баланың анасымен. Менің үлкен қызым Кәусар ДЦП диагнозымен өмір сүріп жатыр. Ол әлсіздік емес, керсінше өмірді терең сезінуге, шынайы сүюге және сенуді үйретті. Сондықтан біз отбасымызбен бірге «Кәусар» қайырымдылық қорын құрдық. Бұл қор барлық ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсетуге,  біліміміз бен тәжірибемізді  бөлісу үшін ашылды. Ертеңнан бастап Төрем үлкен гастрольдік турға шығады. Сіздермен кездесіп, сырласу үшін мен де бірге баруға ниеттеніп жатырмын.  Бұл қор сөзбен емес, іспен өмір сүреді. Сондықтан сатылған билеттердің 10 пайызы «Кәусар» қорының есепшотына аударылады. Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы – белігілі продюсер Жан Мұқанов. Ол – рух мен ізгілікті терең түснетін жан», –  деді өнер иеснің әйелі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар