Саясат

Сүлейменованың орнына Мүтәлі келді

Партияның мәліметінше, тиісті қаулы Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әбутәліп Мүтәлі Мәжіліс депутаты болып тағайындалды. Бұл шешім AMANAT партиясының Саяси кеңесі бюросында қабылданған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Партияның мәліметінше, тиісті қаулы Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Әбутәліп Мүтәлі – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласының маманы. 2022 жылы ол AMANAT партиясының атқарушы хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған.

Жаңа депутат Мәжіліс құрамына Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді. Айта кетейік, 29 қыркүйекте Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.