Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың құқығын қорғау күшейтіледі
- авторОймақ
- Бүгін, 11:43
- 16

Мұндай нормалар "Көлік құралдары иелерінің, сондай-ақ жолаушылар алдындағы тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бұл заң жобасын әзірлеу бастамасы депутаттарға тиесілі екенін және оның азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
"Жоба "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" және "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
“Заң жобасы сақтандыру сомаларын ұлғайту, өтемақы алушылардың аясын кеңейту, сақтандырушыларға мұрагерлерді хабардар ету міндетін жүктеу және азаматтарға тәуелсіз сараптама жүргізу құқығын беру арқылы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған”, – деді Савельева.
Оның айтуынша, жоба бойынша Үкіметтің оң қорытындысын алған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.