Мемлекет басшысы: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары.
Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін», – деді Президент.