бейсенбі, 18 қыркүйек, 2025 18:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атаулы көмекті енді ЖИ тағайындайтын болады

Атаулы көмекті енді ЖИ тағайындайтын болады
Фото: Plisio
Бірінші кезеңде жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елімізде енді атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жасанды интеллект тағайындайтынын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мақсатта 90%-дан жоғары дәлдік көрсеткен Random Forest Classifier моделі қолданылып жатыр.

Бірінші кезеңде жасанды интеллекттің шешімдері әкімдіктер үшін ұсынымдық сипатта болады. Екінші кезеңде өтініштердегі фото және видеоны талдау үшін компьютерлік көру технологиясын қосу жоспарлануда.

Үшінші кезеңде жүйе қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін жеке көмек жоспарларын құратын болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар