Әлеумет

Түркістанда ұлы соққыға жыққан қарияның мәйітіне қайта сараптама тағайындалды

Бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

Түркістан облысы Шардара ауданында ұлы соққыға жыққан қарияның мәйіті шығарылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. .

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады. Ол көзі тірісінде гипертониялық жүрек ауруы және омыртқа остеохондрозы диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Қарт адам алған дене жарақаты бойынша дәрігерге жүгінбеген.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.