сейсенбі, 16 қыркүйек, 2025 17:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада тірі ата-анасын "жерлеп", ақша алмақ болған ер адам ұсталды

Астанада тірі ата-анасын "жерлеп", ақша алмақ болған ер адам ұсталды
Фото: Арман Мухатов
Астанада ата-анасының қазасы туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинаған ер адам ұсталды.

Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттерге барған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол жұмыс орнындағы әріптестеріне бірінші әкесінің, содан соң анасының қайтыс болғанын айтып, жерлеу рәсіміне қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Сенімге кіріп, адамдардың жанашырлығын пайдалану арқылы қаржы тапқан.

Тексеру барысында ер адамның ата-анасы аман-есен екені белгілі болды. Сонымен қатар, полиция күдіктінің осындай тәсілмен әртүрлі адамдарды алдап, кемінде 10 дерекке қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға өзара көмек пен жанашырлық сезімін қылмыстық мақсатта пайдалануға жол бермейтінін қатаң ескертеді. Сондай-ақ, күмәнді жағдайларда сақ болып, дереу полицияға хабарлау қажеттігін еске салады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар