дүйсенбі, 15 қыркүйек, 2025 20:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты

"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты
әлеуметтік желі
Желі қолданушысы әншінің  отбасына қатысты сұрақ қойған болатын.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Желі қолданушысы әншінің  отбасына қатысты сұрақ қойған болатын.

«Бәріне Қайрат пен Жұлдыз жұмбақ болды. Қайратты бәріміз жақсы көреміз. Әндері ерекше, тамаша. Енді сол бәріне жұмбақ болды ғой. Жұлдызбен тұрама, ажырасты ма. Қызын неге дүркіретіп шығарып алмады? Жұмбақтамай бәрін түсіндіретін уақыт болды ғой», - деп сұрақ қойды оқырман.

Ал продюсер ұлы мен келіні ажыраспағанын және қазір бірге екенін айтып, жауап берді.

 «5 баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой. Қайтесіз өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті», – деп жазды продюсер.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар