Беймәлім біреу көшеде әйел адамның алқасын жұрып, қашып кеткен
Жеделі-дестіру іс-шаралары арқасында күдікті қолға түсті.
Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын тонады деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.