Қоғам

ШҚО-да қымбат металды заңсыз өңдірген 19 шетелдік ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Oimaqnews.kz хабарлайды.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде, - деп қосты ведомство.