Спорт

Графеева жартылай финалға шықты

Викторияда кемі Әлем чемпионатының қола жүлдесі бар.

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейін жұдырықтасатын Виктория Графеева 1/4 финалда Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековаға қарсы жұдырықтасты.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Викторияда кемі әлем чемпионатының қола жүлдесі бар.