Қоғам

Карина Мамаш келісімсіз өзінің және балаларының суреттерін жарияламауды талап етті

Ол экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін айтты.

Әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жары Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. .

Оның айтуынша, олар оған жала жауып, әлеуметтік желілерде өз келісімінсіз оның және балаларының суреттерін жариялап жүр.

TikTok-та жарияланған видеода Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш Каринаға қатысты “жалған айыптау” үшін арыз түсіргісі келгенін, алайда Сәкеннің өзі оған рұқсат бермегенін айтқан.

Карина Мамаш туыстарына үндеу жасап:

“Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма айтылған қорлау мен жала жабу – жай ғана хейт емес, заңбұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр. Егер бұл жалғаса берсе, тиісті органдарға жүгінемін. Сонымен қатар менің және балаларымның суреттерін менің келісімімсіз жарияламауыңызды талап етемін”, – деді.

Ол сондай-ақ туыстарының әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырып жатқанын айтып, қажет болса, барлық дәлелдерді сотта көрсетуге дайын екенін жеткізді.