Әлеумет

"Аружанды тауып беріңдер": Талғардағы қылмысқа қатысты деректер айтылды

Күдікті бір ай бойы жәбірленушілерді қорқытып келген.

Жақында ғана Талғарда баланы ұрлап, ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталған еді. Ал сол кезде екі жастағы қызды кепілге алған қаскөйдің осыған дейін де істі болғаны анықталып отыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марқұм Ернар Тұрғанбек қанды оқиға болмас бұрын әйелімен базарға баруды жоспарлаған. Бірақ досымен дүкенге кеткен сәттен кейін оралмапты. Оларды орта жолда белгісіз 3 адам тоқтатып, соның бірі сөзге келместен марқұмның жүрек тұсынан 2 рет атады. 30 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпастан бақилық болған. Жәбірленуші күдіктінің екі сыбайласын ертіп, марқұмның үйіне кіргенін еске алады. 

26 жастағы күдікті марқұмның қарындасымен таныс болған. Жарты жылдай жақын араласқаны бар. Ол бір ай бойы жәбірленушілерді қорқытып келген әрі сол күні де марқұмның қарындасын іздеген.