дүйсенбі, 8 қыркүйек, 2025 22:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ЕРКІН ДҮСІПОВ: Заң үстемдігі – әділетті Қазақстанның берік іргетасы

ЕРКІН ДҮСІПОВ: Заң үстемдігі – әділетті Қазақстанның берік іргетасы
фото: ашық дереккөз
Бұл – тәуелсіздігімізді сақтап қалудың, елдік болмысымызды нығайтудың басты қағидасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп атап өтті. Бұл – тәуелсіздігімізді сақтап қалудың, елдік болмысымызды нығайтудың басты қағидасы. Шын мәнінде, құқық пен тәртіп бар жерде әділет салтанат құрады, қоғамның дамуына сенімді негіз қаланады.

Мемлекет басшысы кез келген заңсыздыққа мүлдем төзбеу қағидасын ұстану қажеттігін ерекше айтты. Бұл – құзырлы органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Өйткені құқықтық мәдениет ең алдымен әрбір азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымынан басталады. Заңға құрмет, әділдікке сенім – өркениетті қоғамның айнасы.

Өкінішке қарай, Президент атап өткендей, қоғамдық орындарда орынсыз дауласу, балағат сөз айту, дөрекілік көрсету сынды жағымсыз әрекеттер әлі де кездесіп жатады. Бұл – тек тәртіп бұзу емес, ұлттық мәдениетімізге көлеңке түсіретін, елдің беделіне нұқсан келтіретін құбылыс. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиеті дәл бүгінгі қоғам үшін де аса өзекті.

Заң ғылымдарының өкілі ретінде айтарым, құқық бұзушылыққа қарсы сана қалыптастыру – тек жазалау шараларымен емес, ең алдымен тәрбиемен, біліммен жүзеге асады. Жаңа Қазақстанның азаматы мемлекетшіл, отаншыл, әділетті қоғам құруға мүдделі болуы тиіс. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде де болашақ педагогтерді даярлауда осы құндылықтарға басымдық береміз. Себебі ұстаз – қоғамға үлгі, жас ұрпақтың бойына тәртіп пен мәдениетті сіңіретін тұлға.

Президент атап көрсеткендей, патриотизм ұғымының ауқымы кеңейіп келеді. Ол тек тіл мен мәдениетке құрметпен шектелмейді, сонымен қатар заңға бағыну, ортақ жауапкершілік, ел тыныштығын сақтау, әділдікке адал болу сынды құндылықтарды қамтиды.

Құқық үстемдігі – әділетті Қазақстанның басты іргетасы. Осы іргетас мықты болса, мемлекетіміздің болашағы да берік болады. Сондықтан әрқайсымыз ел тыныштығын сақтауға, заң мен тәртіпті қадірлеуге үлес қосуымыз қажет.

Еркін Шажаұлы ДҮСІПОВ,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар