Перизат Қайраттың мүлкі ашық саудаға қойылды
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, аукционнан түскен қаражат жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады.
0 жылға сотталған Перизат Қайраттың пәтерлері, қымбат көліктері мен бренд әшекей бұйымдары ашық саудаға қойылады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. .
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, аукционнан түскен қаражат жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады. Тергеу материалдары бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі – 3,5 млрд теңгеден асады.
Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистерге берген сұхбатында сот барысында Перизат Қайрат атаған өзге тұлғаларға қатысты іс жүргізілмегенін айтты.
«Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған өзге тұлғалар анықталған жоқ. Сот шешімі бойынша Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады. Сол қаражат есебінен зардап шеккендердің шығыны өтеледі», – деді ол.
Еске салайық, биыл 25 шілдеде «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы 7 жылға сотталды. Тергеу барысында 47 адам жәбірленуші деп танылды.