Спорт

"Алла қаласа жеңіске жетеміз деп ойлаймын": Темірлан Анарбеков ұлттық құрама сапына шақырылды

«Қайрат» футбол тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Алла қаласа, жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қазір жаттығуларға қатысып жатырмыз. Біз дайынбыз деп есептеймін. Құрамаға тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ол ойын (Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты матч) тарихқа енді. Алла қаласа, ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз  деп сенемін.

«Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Плей-оффтың жауапты матчында «Селтикке» қарсы пенальти сериясында 21 жастағы Анарбеков шотландиялықтардың үш соққысын қайтарып, алматылықтарды Еуропаның басты клубтық турниріне алып шықты.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен кездеседі, ал одан кейін 7-8 қыркүйек түнінде Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.