Жамбыл облысы полиция басшысының орынбасары ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жамбыл облысында өңірлік полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталды. Аталған полиция қызметкері кеше, 29 тамызда қызметінен босатылған болатын, деп хабарлайды polisia.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарын ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті ұстаған. Ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінді. Алайда ІІМ өкілдері нақты қандай заңбұзушылық екенін ашып айтпады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ПД бастығының орынбасары 29 тамызда қызметінен теріс себептермен босатылған.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266459-zambyl-oblysy-policiia-bastygynyn-orynbasary-ustaldy